427
Қазақстанда “Қазақстан аруы-2022″таңдалды. Ол астаналық Томирис Какимова болды, деп хабарлайды қазақстандық БАҚ.
Енді 24 жастағы жеңімпаз “Әлем аруы” халықаралық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.
Ұлттық сұлулық байқауы Алматыдағы Республика сарайында өтті. Қазылар алқасының шешімімен “Әлем аруына” Қазақстан атынан алматылық Диана Тәшімбетова қатысады. “Жер шары аруына” – Дильназ Тілаева барады, ол да Алматыдан.
“Халық дауысы аруы” номинациясында Алтыния Ғазизова (Семей), “Қазақстан Вице-аруы” деп Томирис Заир (Алматы) танылды.
“Қазақстан аруы” байқауына биыл барлығы 20 мың өтінім келіп түссе, негізгі конкурсқа 23 қазақстандық ару қатысты.