Мәжіліс депутаттары “АрселорМиттал Теміртау” басшылығына қатысты қатаң реакцияның қажеттілігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды “Хабар 24”.
Мәжілісмен Альберт Рау “АрселорМиттал”-дың жоғары басшылығын жауапкершілікке тартуды ұсынды.
Депутаттардың пікірінше, үкімет шахта иелерінің бос уәделеріне сенуді тоқтатып, мемлекет тарапынан қатаң санкцияларға көшуі керек деп санайды.
«Мен Арселор Митталдың жоғарғы басшылығын заң бойынша жауапқа тартудың уақыты келді деп санаймын. Олар үнемі құрғақ бос уәде беріп келді. Бұл экологияға қатысты да әңгіме. «Ертең түзеледі, ертең барлығы жақсы болады» деген сылтаумен алданып келе жатырмыз», – деді «Хабар 24» эфирінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қаза тапқандардың барлық отбасыларына осы кеншілердің 10 жылдық жалақысы мөлшерінде көмек көрсетілетінін хабарлады. Сонымен қатар, кредиттерді өтеуге, балаларды оқытуға байланысты төлемдер жүзеге асырылатын болады. Осы жылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасылары үшін қосымша тұрғын үй сатып алу бойынша норма бар”, – деді Қасымбек.
Айта кетейік, кеше бес отбасына пәтер кілттерін табыстау бойынша шешім қабылданған.