184
Заңсыз дүкен Астана қаласында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан.
Тексеру барысында интернет-дүкеннің 28 жастағы иесі анықталған. Сонымен бірге 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде – сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар.
Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм арналары арқылы сатылған.
Қазіргі таңда, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады. Болмаса, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.