118
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы А. Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды деп хабарлады Антикор.
Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.