160
Қырғыз елінің басшысы Садыр Жапаров өзбек жаттықтырушысы Акмаль Хасановты арнайы қабылдап, Олимпиада кезіндегі көмегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ сый-құрмет көрсетіп, көлік тарту етті деп хабарлады Msportskz.
«Ата-бабаларымыз батырларын мойындап, оларға арғымақ сыйға тартқан. Қазір көлік сыйлау дәстүрге айналғанымен, дәстүрдің рухы өзгермейді — бұл ерен еңбегі үшін құрмет пен алғыстың белгісі», — деді Қырғызстан президенті.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қырғыз боксшысы өз елінің тарихында алғаш рет финалға шығып, тарихи күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал финалға дейін оған өзбек бапкері Акмаль Хасанов секундант болған еді.