Қызылорда да мемлекет қазынасын оңды-солды жұмсамақ болған азамат анықталды

45

Қызылордада бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қызылорда қаласы прокуратурасымен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 2,8 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Атап көрсеткенде, қала әкімдігімен 1,4 млрд теңгеге қала көшелерін жөндеуге жарияланған конкурста бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген көше енгізілген.

Осы тектес, жұмыстар орны мен көлемі нақты көрсетілмеген жобалау-сметалық құжаттама негізінде көшелерді күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңгеге, сондай-ақ қала көшелерін жыл көлемінде санитарлық тазалау жұмыстары шартқа сәйкес жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстары үшін 223,2 млн теңгеге негізсіз мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған.

Енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 2,8 млрд теңгеге 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Алдыңғы пост
«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшысы 2,3 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Келесі пост
Астанада қалдықтарды қайта өңдеу және «жасыл» энергия бойынша ірі форум өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu