211
Жағымсыз жағдай, Петропавлда орын алған. Көшеде бір адам жол ортасына барып жата қалған. Бірнеше минут өтпей, оны көлік қағып кеткен. Бұл көрініс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кейіннен белгілі болғандай, “Ауди” көлігін тізгіндеген 34 жастағы тұрғын жолда жатқан жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Ал әйел, жаншып кету салдарынан тіл тартпай кеткен.
Қазіргі таңда, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Десе де, азаматшаның жол үстінде не себепті жатқаны белгісіз.
Сурет видеодан алынды