Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады

39

Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейтіп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыс жүргізеді.

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық “QazaqAir” әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Шекарада заң бұзғандар жауапқа тартылды
Келесі пост
Жолдың жабық екенін елемеген жүргізуші қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu