“Жұбайыммен намаз оқимын”-Нүкенованың Бишімбаевқа жазған қолхаты жария етілді

264

Нүкенова, Бишімбаевқа арнайы қолхат жазып берген. Онда өзінің алдағы міндеттерін тізбектеп шыққан. Тіпті, намаз оқуға, күйеуін тыңдауға уәде берген.

“Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандықтың сенімін қалпына келтіруге, оған сенуге, қызғанбауға уәде беремін. Психологқа үнемі барып тұруға, өз-өзіммен, сеніммен жұмыс істеуге уәде беремін. Шынайы, тіл алғыш боламын және Қуандықты құрметтейтін боламын. Отбасының ошағын қорғайтын аяулы да қамқор жар боламын. Боғауыз сөз айтпаймын, ашуланбаймын. Оның айтқанына сенетін боламын, оның маған тек жақсылық тілейтініне сенемін. Сүйікті Қуандығыма қамқор болуға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқып, рухани өсіп, Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын”, – деп жазған қолхатында.

Бір қызығы, бұл хатты Бишімбаевтың қорғаушылары іске қосуды жөн көріпті. Ал бұл қолхатқа судьяның өзі таңқалғанын жасырмады.

“Әйелі күйеуіне мұндай хат жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелдің күйеуіне осылай жазғанын алғаш рет көріп тұрмын”, – деді Құлбаева.

Алдыңғы пост
Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы желі жұлдызына айналды
Келесі пост
3 мыңға жуық медицина қызметкері су тасқыны орын алған аймақтарда қызмет атқаруда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu