Жүк автокөліктерін  заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

39

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жалған құжаттарды пайдалана отырып, жүк автокөліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген. Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты. Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Келесі пост
Қазақстанда Абай есімді 18 мыңнан астам адам тұрады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu