Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалған соң, спорттық карьерасына қатысты түрлі ой айтылды. Бірі, осымен бокс әлемі мен қоштасты десе, енді бірі, айыппұл төлейді деп тұжырымдады. Сондықтан, қазақтың ұлы өзіне қатысты пікірлерге нүкте қойды.
“Бәріне қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет. Менімен бәрі жақсы. Бір-екі аптада қалпыма келіп, қайта ораламын! Және маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда менің бітпеген істерім бар!
Адамес және Лара қуануға асықпаңдар. Мен орта саламқта айқасып, барлық төрт белбеуді аламын. Менде салмақпен қиындықтар туғанда, орта дивизионда барлық боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекелеріңді құртқаныма ренжімеңдер. Патша оралады және орта дивизионға әмірін жүргізеді деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.
Айта кетейік, орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңзеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жегі өтпей қалған. Өйткені, Жәнібек салмақ тастау барысында есінен танып құлап, ауруханаға түскен болатын.