Жұрттың қалтасын қағып 78 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

70

Батыс Қазақстан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол 2023 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының азаматтарын түрлі айламен алдап келген. Күдікті техника мен автокөлік сатып алу, ұялы телефон сату, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сияқты желеулерді пайдаланып, адамдарды сеніміне кірген деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті, былтыр Орал қаласының тұрғынын, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен 4 миллион теңгеден астам қаржыға алдап кеткен. Дәл осындай сарында бірнеше алаяқтық әрекетке барған. Салдарынан, күдіктіге қатысты 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 78 миллион теңгеден асады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, өз кінәсін мойындады. Ол алдап алған қаражаттың басым бөлігін бәс тігуге жұмсағанын айтқан.

Алдыңғы пост
Шаруаларды қолдау мақсатында 116 млрд теңге бөлінді
Келесі пост
Ақберен Елгезектің мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңге табыс тауып, өзіне жеке кино түсіргені рас па?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu