Жаңа туған сәбилерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

57

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.  Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл топ бірнеше жыл бойы әлеуметтік осал топтарға жататын әйелдерден нәрестелерді заңсыз жолмен үшінші тұлғаларға беруге делдалдық жасаған.

Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция барысында күдіктілер, ірі көлемдегі ақша қаражатын алып жатқан сәтінде қолға түсті.

Қазіргі уақытта жаңа туған сәби мемлекеттік қорғауға алынып, тиісті арнайы мекемеге орналастырылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

«Бұл бір реттік әрекет емес. Біз тұрақты схема болған деп есептейміз, мүмкін аймақаралық байланыстар да бар. Барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Нәрестелерге қатысты заңсыз әрекеттер – бұл аса ауыр және арсыз қылмыс», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов

Алдыңғы пост
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Келесі пост
Жедел жәрдемге арналған бейнежетондар: Алматы мен Астанада пилоттық жоба іске қосылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu