Жағымды жаңалық! Легионерлерге ақша бөлінбейді

178

Енді легионерлерге бюджеттен ақша берілмейтін болды. Бұл туралы Нартай Аралбайұлы хабарлады. Оның айтуынша, тиісті заңдық норманы үкімет қолдаған. Адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. Сондай-ақ, еліміздегі 180 спорт түрі қысқартылады.

«Спорттағы қаражаттар, жоғары жетістіктегі спортына беріледі. Оның ішінде басым спорт түрлеріне беріледі. Яғни, депутаттық сауалымда айтылғандай, 180 спорт түріне, бәріне мемлекеттің ақшасы берілмейтін болады. Ақша алатын спорт түрлері, Олимпиадалық, Азияда, Паралимпиада сынды спорт түрлері ғана қаражатты алады. Одан бөлек, мемлекеттік ұйымдар және бұқаралық спорт түрлеріне беріледі»,-деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, өз жолдауында легионерлерге қатысты пікір білдірген болатын. Яғни, мемлекет басшысы, шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты.

«Өйткені кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн»,– деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
Шымкентте баланы ұрған тәрбиеші жауапкершіліктен құтылып кетті
Келесі пост
Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu