Жамбыл облысында 6 адам газға уланып қайтыс болған

158

Қайғылы жағдай, Жамбыл облысы Қызылшарық ауылында және Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылындағы жеке тұрғын үйлерде орын алған.

Бірінші жағдай, 16 қазан күні тіркелген. Яғни, Жарылсу ауылында газға шай қойған тұрғындар өшіруді ұмытып кетсе керек, су төгіліп, газ сөніп қалған. Салдарынан, 57 және 49 жастағы ерлі-зайыпты, олардың 13 және 5 жасар балалары газдан уланып қаза болды.

Сондай-ақ, 17 қазан күні, көгілдір газдан уланып, 61 жастағы отағасы мен оның 36 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 17 жастағы немересі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Сондықтан, газ плиталарына абай болып, көгілдір газдың шығу тетіктерін уақытылы тексеріп тұрыңыздар!

Алдыңғы пост
Депутат: Жануарларға төлем беріледі, ал адамдарға неге төлем жасалмайды? 
Келесі пост
Анкара: Терракт орын алып, 4 адам қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu