Жамбыл облысында бес баланың анасы жеті жыл бойы алимент төлемеген

61

Прокуратура әлеуметтік маңызды санатқа жататын атқарушылық құжаттар бойынша алиментті өндіру шараларын белсенді түрде жүргізуде.

24.01.2025 жылы Шу ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі бес баланың анасы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, 2018 жылдан бастап 1,4 млн теңгеге берешек жинақталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғандығы, алайда төлеу үшін қажетті шаралар қолданбағаны анықталды.

Сондай-ақ, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі бар екені анықталды.

25.02.2025 жылы тараптардың өзара келісімі бойынша аталған үй алимент берешегін өтеу есебіне берілді.

Қол жеткізілген медиативтік келісімге сәйкес борышкер алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттенді.

11.03.2025 жылы тараптардың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды, бұл ақталатын негіз болып табылмайды.

Қабылданған шаралар профилактикалық әсер етті және алимент бойынша берешектің толық өтелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Алдыңғы пост
Су қоймаларында су тасқынының алдын-алу шаралары жүргізілуде
Келесі пост
Ер адам биіктен құлап мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu