Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды

44

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйел толғатып, кенеттен босана бастады. Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ “Шығанақ” трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді, ол жерден Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасының сүйемелдеуімен орталық аудандық ауруханаға жіберілді.

Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмекті көрсетіп, аман-есен дүниеге ұл бала келді. Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды.

Медициналық топтың жедел әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында әйел жолда еш қиындықсыз босанды

Алдыңғы пост
Алимент төлемейтіндер мүлкі мен бас бостандығынан айырылады 
Келесі пост
Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu