Жамбыл облысындағы трансплататтау бірнеше пациенттің өмірін сақтап қалды

19

Жамбыл облысында қайтыс болғаннан кейін донордан көп ағзалық ағза алу сәтті жүргізілді.

Бұл күрделі және жоғары технологиялық операция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен ЖТМҚ тарапынан нақты үйлестірудің, сондай-ақ Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасы мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бірегей операцияға «Ұлттық ғылыми онкология орталығы (NROC)» ЖШС, University Medical Center жүрек орталығының, Шымкент қаласының жүрек орталығының командалары, сондай-ақ Астана қаласының медициналық авиация мамандары қатысты. Барлық қатысушылардың біліктілігі мен өзара іс-қимылының жоғары деңгейінің арқасында трансплантаттау қысқа мерзімде мүмкін болды.

1976 жылы туған пациент, Жамбыл облысының тұрғыны шұғыл түрде ауыр жағдайда – ми қан айналымының жіті бұзылуы және миға көп қан құйылу диагнозымен жеткізілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, пациенттің жағдайы емді қабылдамады және үшінші күні мидың өлімі анықталды.

Барлық қажетті құқықтық рәсімдерден кейін және отбасынан келісім алғаннан кейін — басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беру туралы  маңызды және дұрыс шешім қабылданды.

Өмірлік маңызды жүрек, бауыр және бүйрек ағзалары алынды.

Жүрек шұғыл түрде трансплантаттауға мұқтаж жас пациентке Шымкент қаласына жіберілді.

Бауыр мен бүйрек өмірін сақтап қалу мүмкіндігін күткен басқа пациенттерге трансплантаттау үшін Астана қаласына жеткізілді.

Ағзаларды көп ағзалық алу – бұл қайтыс болғаннан соң бір донордан кейін трансплантаттау үшін бірден бірнеше ағза алынатын рәсім. Бұл медициналық мекемелер мен авиация арасындағы ең жоғары үйлестіруді, дайындықты және өзара іс-қимылды қажет етеді.

Донордың отбасына бірнеше пациенттің өмірін сақтап қалған батыл және адамгершілік шешімі үшін шын жүректен алғыс.

Алдыңғы пост
ТЖМ қызметкерлері бүлдіршінді оқыс жағдайдан құтқарып қалды
Келесі пост
Алматы облысында анасымен бірге суға батып кеткен баланың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu