Жасөспірімдерге жаз мезгілінде ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылады

33

1 маусым мен 31 тамыз аралығында жазғы демалыс кезінде 14 жасқа толған мектеп оқушылары мен студенттерге ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл бастама — жастардың еңбекке бейімделуіне және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуіне бағытталған.

Жасөспірімдер мемлекеттік мекемелерде және кәсіпкерлік құрылымдарда қоғамдық көмекші ретінде жұмыс істейтін болады. Жалақы айына 28 АЕК, яғни 110 096 теңгені құрайды.

Бағдарламаға қатысу үшін ата-ананың жазбаша рұқсаты қажет. Жолдамалар тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық мансап орталықтарында беріледі.

Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:

Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3

Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106

Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201

Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89

Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі,

Қоғамдық жұмыс – жас ұрпақтың еңбек тәжірибесін жинақтауға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және болашақ мамандықты таңдауға бағытталған маңызды мүмкіндік.

Алдыңғы пост
Биыл еліміз бойынша 225 млн дана ағаш отырғызылды
Келесі пост
Заңсыз балық аулағандар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu