198
Қайғылы оқиға Алматы облысы Жалпақсай ауылында орын алған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, баспана қоқысқа айналған. Салдарынан, үй егесі қаза тапты.
Жарылыстан көршілес орналасқан үйлерге де зақым келген. Олардың терезесі шытынап, қабырғасы қираған.
Оқиға орнында жұмыс жасаған мамандар, газдың көп таралуы, апатты жағдайға сеп болуы мүмкін деп отыр. Әзірге тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның егжей-тегжейі алдағы уақытта белгілі болмақ.
Жылыту маусымы жақындап қалды. Сондықтан, сақтық шараларына мұқият болыңыз. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жылыту маусымы алдында пеш, мұржа мен құбырларды бір тексеріп, сосын ғана қосу керек деп ескертеді.