ЖИ көмегімен сот шешімдерін орындау: азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер

50

Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерімен жұмысты жақсартуға және мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Атап айтқанда, әділет органдарын цифрландыру шеңберінде жаңа «Цифрлық ассистентті» енгізе отырып, «Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін» пысықтау жоспарлануда. Бұл құрал пайдаланушыларға сот шешімдерінің орындалуының барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді. Өндіріп алушылар мен борышкерлер сот орындаушысының қандай әрекеттерді орындағанын, сондай-ақ болашақта не істеу керектігін көре алады.

«Пайдаланушылар сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жауап беру мүмкіндігіне ие болады»,— деп атап өтті ҚР әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Сондай-ақ ұсыну мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша мүлікке салынған тыйымды, республикадан шығуға уақытша шектеуді, борышкерлер тізілімінен шығаруды уақытылы шешпеу мәселесін автоматтандыру арқылы шешуге мүмкіндік береді деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми арнасы.

Алдыңғы пост
«Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар сотталды
Келесі пост
“Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоры таратылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu