Жоғалған 10 айлық сәби ата-анасына табысталды

232

Полицейлер жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады.

Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында, қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

Белгілі болғандай, анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен.

Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Алдыңғы пост
Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды
Келесі пост
Семейде жоғалған қыздың өліміне анасы кінәлі ме? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu