56
Атырау облысы Мақат ауылынан 45 шақырым жерде екі ер адам Сарымайшағыл ауылынан Қарабау ауылына қарай автокөлікпен шығып, байланысқа шықпаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ құтқарушылары дереу іздеуге шығып, оларды Мақат ауылынан 45 шақырым жерде ашық аумақта тауып Мақат ауылына жеткізді деп хабарлады ТЖМ.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.