188
Әйтеновтің экс-жұбайы үйді ортақ меншік ретінде тануды сұрап, өтініш берген. Өйткені, баспана Марат Әйтеновтің досына тіркелген. Сол мезетте, үйді екіге бөлу мүмкін болмаған. Сондай-ақ, бұл мүлікті екеуара, ортақ қаражатқа алдық деп көрсеткен.
Алайда, Жоғарғы сот бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Өйткені, үй Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың некесіне дейін алынғанын екен.
Яғни, Әтешованың өтініші қанағаттандырылмады.
Естеріңізде болса, Дана Әтешованы Әйтенов үйінен қуып шықпақ болған. Тіпті, олардың жаға жыртысқан видеолары әлеуметтік желіде тараған болатын.