Жыл басынан бері жол көлік апатынан 1300 адам көз жұмған

175

Президент, жүргізушілерді даярлау деңгейі төмендегенін айтты. Яғни, куәлікті оқып алудың орнына, оңай жолмен қол жеткізетіндер бар деп отыр. Осыған байланысты, бірқатар жауапты жандарға тапсырма жүктеді.

«Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет. Жүргізушілерді даярлау деңгейінің де төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс”,-деді халыққа Жолдауында.

Алдыңғы пост
Президент: Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады
Келесі пост
Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu