Министрліктің мәліметінше, бүгінде республика бойынша қатерлі ісіктен 227 409 науқас есепте тұр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 2582 құраса, ересектердің саны 225 683 болып отыр.
Жалпы жыл сайын 41519 мыңнан аса адамнан қатерлі ісік анықталады. Оның ішінде – 17 907 ер адам, 23 612 әйел адам.
ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 400 мыңнан астам бала мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімге обыр диагнозы қойылады. Бұл ретте жыл сайын 100 мыңға жуық бала обырдан қайтыс болады екен.
Қатерлі ісік – өз бетінше дербес өсіп, көбейетін жасушалардың дегенерациясына негізделген ауру түрі. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін, қайтыс болу себептері бойынша қатерлі ісіктер екінші орын алады. Жалпы бұл аурудың 100-ден астам түрлері бар, егер сырқат қатерлі ісіктің 1-2 сатысында болатын болса, оның 80,0% толық емделуіне болады. Ісіктердің көпшілігі бірнеше ай ішінде баяу дамиды. Қатерлі ісіктің дамыған түрлері әрбір оныншы науқасқа 5 жыл өмір сүруіне мүмкіндік береді.