18 Aug, 19:10|Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді. Асхат Хасенов: ➤ «ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келе жатқанын айтты. 🟦Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. 🟦Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. ➤ соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құрағаны туралы баяндады. 🟦Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық. 🟦Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр. ➤ мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құрағаны туралы мәлімет берді. 🟦Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді. 🟦Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. ➤ Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты. 🟦Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар. ➤ өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар таныстырды. Президент: 📌геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
18 Aug, 8:48|«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды
15 Aug, 17:06|Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды
18 Aug, 19:10Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді. Асхат Хасенов: ➤ «ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келе жатқанын айтты. 🟦Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. 🟦Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. ➤ соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құрағаны туралы баяндады. 🟦Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық. 🟦Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр. ➤ мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құрағаны туралы мәлімет берді. 🟦Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді. 🟦Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. ➤ Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты. 🟦Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар. ➤ өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар таныстырды. Президент: 📌геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
18 Aug, 8:48«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды
15 Aug, 17:06Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды
ELITARkz | Барлық материалдар | Білім | Денсаулық | Жаңалықтар | Қоғам | Мәдениет | Спорт23 Oct, 10:33Мемлекет басшысы елімізге еңбегі сіңгендерді марапаттау жарлығына қол қойды
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қылмыс | Мәдениет18 Oct, 12:36Жанар Айжанова: «Хасан деген бәле болды»
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Бизнес | Жаңалықтар | Қоғам | Мәдениет18 Oct, 12:20Алматыда «Be Woman» іскер әйелдер форумы өтті
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қылмыс | Мәдениет14 Oct, 17:31«Арым таза». Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына байланысты пікір білдірді
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қылмыс | Мәдениет9 Oct, 10:09Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам | Мәдениет6 Oct, 9:53Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам | Мәдениет2 Oct, 14:16V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын ұйымдастырғандар марапатқа ие болды
ELITARkz | Аймақтар | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Мәдениет24 Sep, 10:52«Абай» операсы – ұлт музыкасының мақтанышы
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Мәдениет | Спорт12 Sep, 8:51V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Еліміздің қоржынында 69 медаль бар
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Мәдениет | Спорт11 Sep, 9:52Ұлттық құраманың еншісінде 48 медаль бар