209
Әсет Әшірбай мен Ерболат Тұранов бұған 9 жылға сотталған. Апелляциялық сот тағы 4 жыл қосып берді. Енді олар, 13 жылын түрмеде өткізеді. Сонымен қатар, бұған дейін сот залында босатылған екі офицер, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аяқасты мұндай шешім естіген сотталушылар, жазаға қарсылық білдіріп, сот залын басына көтерді. Жанайқайымен әділеттілік жоқ екенін ашуға булықты.
“Әділеттік жоқ. Бәрібір әділеттілік жоқ. Алла жазаларын берсін олардың. Әділетсіз Қазақстан, мүлдем әділетсіз. Бізді 13 жылға бас бостандығымыздан айырып жатыр. Не үшін?”, – деді сарбаздардың бірі.
Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған еді.