44 жастағы ер кісі өзімен ажыраспақ болған әйелінің үйін өртеп жіберді

Теги:
411

Екібастұз тұрғыны өзімен ажыраспақ болған әйелінің пәтерін өртеп жіберді. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 38 жастағы әйелдің пәтеріндегі балконнан өрт шығып, мүлкі бүлінген. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп үлгерген.

«Қаскүнем анықталды. Ол пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шықты. Олар 2020 жылдың желтоқсанында үйленген. Қазір ажырасу процесінде. Тексеру басталды. Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданатын болады» делінген ведомство мәліметінде.

Алдыңғы пост
Шымкенттік әйел «үй алып беремін» деп танысын сазға отырғызып кетті
Келесі пост
Пәтерді жалға беру ақысы қанша пайызғаны өскені белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu