Қазақстанда жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын жас авторлардың Дала дауысы байқауы басталды

422

Дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен олардың авторларын қолдау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялады, деп хабарлайды Elitar,kz аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жаңа өнер туындылары авторларын қолдауға бағытталған DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялап отырмыз. Жаңа авторларды елге танытуға, тың туындылардың көпшілікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін беретін конкурс шығармашылық иелерін бей-жай қалдырмайды деп сенеміз», — деп жазды Дәурен Абаев.

Жеңімпаздар «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі номинациялары бойынша 2022 жылғы желтоқсанда марапатталады.

Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады. Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының www.kaztheatre.kz сайтында көрсетілген.

Предыдущая запись
В Казахстане стартовал конкурс молодых авторов Dala Dauysy с призовым фондом 46 млн тенге
Следующая запись
Новая Жетысуская область обзавелась собственным гербом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню