Қоқыс шайқасы интернет кеңістігіне көшкен бе?

Теги: ,
418

Шымкенттегі қоқыс жинау және қаланы абаттандыруымен айналысатын компаниялар төңірегінде болып жатқан оқиғаны тамашалай отырып, «соғыста барлық құрал жақсы» деген сөз еріксіз еске оралады.

Бұл жерде де іске қоғамдық резонанс тудыру үшінауыр артиллерия тартуды ұйғарған сияқты. Сөйте тұра, «Гиперборей» авторларына

сұхбат бергендер көптеген мәліметті айтпаған секілді. Ал, айтатын нәрсе көп.

Еске салайық, өткен жылы «Build Stroi» компаниясы тендер бойынша алған ақша құмға сіңген судай жоқ болып кетті, ағаштар мен гүлдер суарылмай солып қалды деп айыпталған болатын. Бірақ, тендер жеңімпазы міндеттерін неге орындамағаны және тендер нәтижесіне көңілі толмағандар істен шығарған болуы мүмкін суару жүйесін қалпына келтіруге, тіпті кей жерлерде жаңадан орнатуға қанша қаржы кеткені жөнінде «Гиперборей» материалында бір сөз айтылмайды.

Биыл қала қоқыстың астында қалды. Ал тұрғындардың наразылығына шек болмаған жерде қоқысты тендерді ұтып алған сол «Build Stroi» шығаруға мәжбүр болды.

«Біз қайта-қайта сот процесіне шақырылдық, сол себептен де тендер нәтижелерін дұрыс деп танып болмады, үнемі сотта жүргендіктен не көшедегі қоқысты шығара алмадық, не жасыл желекті уақытында суара алмадық», — дейді «Build Stroi» компаниясы директорының орынбасары Елнар Бауыржан.

Айтпақшы, кәсіпорын абаттандыру жұмысына жаңадан келген компания емес, үшінші жыл қатарынан қаланы көркейтумен айналысып келеді. Қалада ерекше дизайндағы гүлзарлардың пайда болғаны — солардың арқасы. Олар Шымкентке келген сәттен бастап ағаштарды жөнсіз кесу (топпинг) тоқтатылды. Иляев көшесінің бойындағы кесілген бірнеше ағаштың сұрауын қалалық коммуналдық шаруашылық өкілдерінен емес, ағаш кесуге «тапсырыс» берген дүкен иелерінен сұрау керек.

«Мен кесілген ағаштарды көргенде өзімді жаман сезіндім. Бір ағашты өсіру үшін қанша күш, қанша еңбек керек. Ал, олар маңдай термен өсірілген ағаштарды жан-жақтан күзеп тастаған. Бұдан кейін ағаштың өсуі екіталай», — деп жауап берді Елнар менің сұрағыма.

Дегенмен, «Гиперборей» бағдарламасында айтылған ғарыш сандарға оралайық, және бұл туралы сюжетте айтылған адамдардан түсінік сұрайық.

«Материал авторы «Build Stroi» компаниясы үш жылда Шымкенттің түрлі мемлекеттік мекемелерімен жасасқан келісім-шарттарының жалпы сомасы 82 миллиард теңгеден астам екенін айтады. Бұл олай емес. Журналист жарамсыз келісімшарттарды да ескерген, бұл дұрыс емес. Шымкентте жұмыс істеген үш жылдың ішінде біздің компания 27 миллиард теңгеге келісімшартқа отырды, яғни Вадим Борейко айтып отырған сомадан үш есе дерлік (!) аз. Оның 5 миллиардына ғана келісім-шарт жасалды, қалғаны — өтпелі міндеттеме, яғни біз келісім-шарт бойынша міндеттемелерімізді тағы үш жыл орындаймыз», — деп түсіндірді Елнар Бауыржан.

DE Support директоры Данияр Әзімбаев «LTD Тұрмыс» компаниясы Шымкенттегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және өңдеу қызметін монополияға алды деп санайды.

«Қала аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жөніндегі қызметті құрамына Ғалым Садыбеков басқаратын «LTD Тұрмыс» ЖШС, «ЭкоСпэцТранс» ЖШС (ол құрылтайшылардың бірі), «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС (құрылтайшысы — Садыбековтың ұлы) және МПЗ Green line кіретін нарық субъектілері монополияға алған, бірақ олар оны жоққа шығарып отыр. Бұл компаниялардың нарықтағы үлесі 90,4% құрайды! Біз былтыр Бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаментіне картельдік сөз байласу жөнінде арызданған едік. Биыл сәуір айында Монополияға қарсы қызметтің алдын ала сөз байласу фактісі бойынша қорытындысы шығып, «LTD Тұрмыс» компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр. Компания өкілдері бұл шешімді даулауға бар күш-жігерін салуда, бірақ олар сотта бір апелляциядан жеңіліп қалды. Енді бір айдың ішінде сот шешімі күшіне еніп, содан кейін компанияға қарсы қылмыстық іс қозғалады», — дейді Әзімбаев.

Тағы бір маңызды жайт. «Гиперборей» сюжетінде «LTD Тұрмыс» компаниясында 1000-ға жуық адам жұмыс істегені және 250 бірлік арнайы техника паркі болғаны, қазір 200-ге жуық қызметкер қалғаны, көліктер сатылғаны немесе жалға берілгені айтылды. Салыстыру үшін айта кетейік, LTD ренжіп жүрген сол «Build Stroi» компаниясының автопаркінде 210 көлік бар, олардың көпшілігі — жаңа. Ұжымда1100 адам бар. Олардың көпшілігі ондағы жағдайдың жақсы (қысқы-жазғы киім, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген), жалақысы жоғары екенін түсінген соң, «Build Stroi-ға» ауысқан.

Қоқыс соғысы жүріп жатқанда, шымкенттіктер контейнерлер мен аулаларда қатты тұрмыстық қалдықтардың тау болып үйіліп жатқанына наразылық танытып жатыр…Олар үшін жалпы алғанда, компаниялардың артында кім тұрғаны – әкімнің орынбасары ма, әлде? бұрынғы әкім бе — бәрібір. Бастысы — көше таза болғаны.

Предыдущая запись
Мусорные баталии перенеслись в интернет-пространство?
Следующая запись
​Со всех концов света в …Шымкент!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню