2025 жылға дейін Шымкентте 101 мектеп салынады

Теги:
366

Бұл 2025 жылға қарай оқушылар орны тапшылығын жою мақсатында Елбасының тапсырмасымен елімізде салынатын барлық мектептердің оннан бір бөлігі.

Жылдың осы кезеңінде республикада барлығы 1000 мектеп салынады, оның 101-і Шымкентте.

Өткен жылы қалада 25 мектеп пайдалануға берілсе, қазір 34 мекеменің құрылысы жүріп жатыр. 11 мың 703 орындық 24 мектеп биыл пайдалануға берілмек. Нәтижесінде үш ауысымда оқитын мектептер саны тоғыздан беске, бейімделген мектептер төрттен үшке дейін қысқарады.

«2023 жылы қалада үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі толығымен шешіледі», — деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елордалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ ол балалар жылы аясында Шымкентте іс-шараларды жүзеге асыруға 44,6 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

«Биылғы жылдан бастап барлық бастауыш сынып оқушылары, бұл 103 мыңнан астам бала көп жылдардан бері алғаш рет тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, қалада 500 орындық заманауи Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде», — деді ол.

Предыдущая запись
101 школу построят в Шымкенте к 2025 году
Следующая запись
Промежуточные итоги ЕНТ в Шымкенте: 68% абитуриентов набрали пороговый балл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню