​40 минут ішінде 5 шақырым – шымкенттіктер туған қаланың құрметіне марафон жүгірді

Теги: , ,
249

Қала күні құрметіне шымкенттіктер марафон жүгіруін өткізді. Жаппай жеңілатлетика жүгірісі мерекелік бағдарламаның жарқын оқиғасы болды.

500-ден астам қатысушы 5 шақырым қашықтықты бағындырды. Ыстыққа қарамастан барлығы дерлік Наурыз алаңындағы мәреге жүгіріп жетті. Алаңда бәріне естелік медаль табыс етілді.

Медальдан бөлек, әрбір қатысушыға дәм ретінде су мен банан үлестірілді. Тұрғындар бір-бірін мерекемен құттықтап, Шымкенттің өсіп-өркендеуін тіледі. Әрбір адам жақсы көңіл-күйде болды. Егде тартқандар санатындағы 73 және 75 жастағы екі қатысушы марафонға 10 жылдан бері қатысып жүргенін айтты.

«Иә, кейде аяғымыз ауырады, күш-қуат жетпейді деп ойлаймыз, бірақ сонда да келеміз. Жүгіру – кез келген сырқатты алдын-алудың ең жақсы амалы!», — деп күледі достар.

Ұйымдастырушылар — дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық әкімдіктің айтуынша, жарыс демеушілердің қаражатына ұйымдастырылды. Бұл жағдайда жедел жәрдем мен полиция көлігі кезекшілікте болды, бірақ, Бақытымызға орай, олардың көмегі қажет болмады. Қатысушылар-балалардан қарттарға дейін-өздерін керемет сезінді.

Сол күні Абай атындағы саябақта Otbasy fest өтті, онда 16 отбасы жарысты.

Сауда орталықтары мен ашық алаңдарда медицина қызметкерлері кеңес берді, ал қан орталығында донорлық акция өткізілді.

Қала күнін мерекелеу күндері Шымкентте еліміздің үшінші мегаполисінің басты мерекесін шымкенттіктермен бірге атап өтуге арнайы келген туристердің саны көп екені байқалады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту, балаларға арналған спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жылы Шымкент қаласында 115 спорт алаңын ашу жоспарлануда. Қазіргі заманғы спорт объектілері қала орталығынан шалғайдағы тұрғын үй массивтері мен шағын аудандарда орналастырылатын болады

Предыдущая запись
Пять километров за 40 минут — шымкентцы пробежали марафон в честь родного города
Следующая запись
Казахстанская девушка-полицейский спасла ребенка от беды в Москве

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню