​№72 МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Теги: , ,
279

Шымкент қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Білім мекемесінде 3 556 оқу жылын аяқтады. Оқушы саны шамадан тыс көп болғандықтан қосымша ғимарат қажеттігі туындаған.

Қала әкімі Мурат Айтенов білім нысандарын аралау барысында №72 мектептің қосымша ғимарат құрылысын да көрді.

Жаңадан салынып жатқан оқу корпусының сыйымдылығы 375 орын. Екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болады. Қолданысқа берілген нысанда балалардың білім алуымен бірге 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз ауында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынды, биыл 17 мектептің құрылысы жоспарланған. Келесі жылы үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар, оқушылар сарайы мен музыка мектебі салынуда.

Кешенді жоспар бойынша, 2025 жылға дейін Шымкентте 86 079 орындық 101 мектеп салу жоспарланған. Жаңа білім беру ұйымдарының құрылысы мен жаңа оқу жылына дайындық барысын қала әкімі Мұрат Әйтенов үнемі тексеріп отырады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылы оқушы орындарын ұлғайту үшін 200 жаңа мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. Мұны мемлекеттік бюджет есебінен, мемлекеттік жеке серіктестік арқылы, сондай-ақ жеке мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жасау жоспарлануда.

Предыдущая запись
Пристройка к школе №72 будет сдана в эксплуатацию в следующем году
Следующая запись
В Акмолинской области обнаружен расчлененный труп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню