509
Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев хабарлады. Прокурордың айтуынша, қызбен бірге кісі өліміне оның 19 жастағы жігіті айыпталып жатыр. Екеуінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Әйелді өз үйінде өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға бірнеше күннен кейін хабар берген. Өз анасын өлтіруге не себеп болғаны әзірге айтылмайды.