Ақтөбе: пара алғаны үшін сотталған бас экологтың жазасы өзгертілді. Нұржан Аққұл енді 3 жылын түрмеде өткізеді

Теги: ,
272

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы экология департаментінің бұрынғы басшысы бір компанияның иесінен І санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беру туралы шешім үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот бұған дейін экс-бас экологты ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бірақ бас бостандығынан айырмай, оған тек 30 еселенген пара сомасы — 12 млн теңге айыппұл салған болатын.

Жақында бұл іс қайта қаралып, сот алқасы жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескеріп, неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 61 жастағы экс-шенеунік 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Предыдущая запись
Ақтөбе: жолды күтіп ұстау міндетіне салғырт қараған 20 әкім жауапқа тартылды
Следующая запись
Криминальный квартет воров-гастролеров задержали в Алматы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню