Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы қайтыс болды

Теги: ,
288

ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімдік қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер қайтыс болды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз далалық жаттығу кезінде көз жұмған. Оқиға кеше, 9 тамызда орын алған.

 

«Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес 5571 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында далалық жаттығуда болған. 9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп өзі соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп, жарақат алған. Сарбазға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген», — делінген мәліметте.

Алайда аурухана дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады.

Марқұм болған жауынгер 2003 жылы дүниеге келген. Ұлттық ұлан қатарына биыл көктемде Ақмола облысы, Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.

«Қатардағы жауынгер өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып, өкінішке орай өзі қатты соққыдан қайтыс болды. Аталған факті туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалды. ҚР Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі А.Н. Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады», — делінген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ресми мәліметінде.

Предыдущая запись
Акимат Карагандинской области помог с организацией антиядерной выставки во Франции
Следующая запись
Елімізде 2 мыңға жуық адам докторантураға оқуға түсуге өтініш берген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню