Қарны ашқан ер кісі дүкеннен 4 сусын мен 20 самсаны ақшасын төлемей алып кеткен

Теги: ,
557

Шымкентте қарны ашқан ер кісі дүкеннен сауда жасап, бірақ ақшасын төлемей кеткен. Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендердің бірінде күндізгі уақытта болған.

Абай ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Дүкен иесінің айтуынша, белгісіз ер кісі әрқайсысының құны 350 теңге тұратын 4 дана энергетикалық «Dizzy» сусынын және біреуінің құны 150 теңгелік 20 дана самса алып, сатушыға телефон қосымшасындағы жалған түбіртекті көрсетіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Жалпы келтірілген шығын — 4400 теңгені құраған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 25-те. Ұсталған азамат бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, бұл әрекетке қаржыдан қысылып, тіпті тамаққа ақша таппай қалғандықтан амалсыз барғанын айтқан.

Предыдущая запись
Елімізде көп тілді меңгерген министрлердің тізімі жарияланды
Следующая запись
Казахстанец до смерти забил 92-летнюю мать кирпичом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню