Атырау: Қанішердің құрбаны болған келіншекті қорғай алмаған полиция қызметкерлері сотталды

Теги: ,
191

Жантүршігерлік оқиға былтыр сәуір айында болған еді. Келіншекті таныс ер адам бір ай бойы ұрып-соғып, қорлық көрсеткен. Ал бақытсыз оқиға болған күні балғамен басын жарып, өзі сол үйде асылып қалады.

Сотта белгілі болғанындай, танысынан әбден зәбір көрген әйел полицияға арыз жазған. Бірақ тәртіп сақшылары қылмысты ашуға әрекет жасамапты. Жаға ұстар оқиғадан соң бірнеше полицей лауазымынан айырылып, 4 полицейдің ісі сотта қаралған еді.

Атырау қалалық № 2 соты 4 полиция қызметкеріне қатысты істі 7 ай бойы қарады. Екі учаскелік полиция инспекторы «ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк фактісі» бойынша, ал жедел уәкіл мен тергеуші «ауыр зардаптарға әкеп соққан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру фактісі» бойынша кінәлі деп танылды. Сот оларға 2 жыл мен 4 жыл аралығында бас бостандығынан айыруға үкім етті. Қос учаскелік полицей құқық қорғау органдарында өмір бойы жұмыс істей алмайды, ал жедел уәкіл мен тергеушіге 5 жылға дейін жұмыс істеуге тыйым салды. Барлығы шендерінен айырылды.

Үкіммен сотталушылар да олардың адвокаттары да келіскен жоқ.

Атырау қалалық № 2 сотының судьясы Элмира Ойқұлова тәптіштеп түсіндіріп берді.

«Бәріңізге белгілі іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкерлеріне 10 рет арыз-шағым берген. Арызына дер кезінде шара қолданып, сол бойынша тиісті жазасын алса, мұндай денсаулыққа аса ауыр зиян келетіндей жағдай орын алмас еді. Мұның өзі полиция қызметкерлерінің тікелей міндеттерін білмейтіндіктерін көрсетіп отыр. Мысалы, 1-4 сәуірдегі арыз бойынша 15 сәуірде хаттама толтырғанымен, 2 тәулік емес, 5 тәулік, 10 тәулікке жабылатын еді. Одан кейінгі әрекет қорғау нұсқамасын уақытылы бергенде қорғау нұсқамасынан кейінгі тәртіп бұзушылық болса, онда оның ар жағында басқа жауапкершілік тұратын еді. Оның ар жағында қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін еді. Жәбірленушінің денсаулығына аса ауыр зиян келгені сараптамалармен дәлелденді»,- деді Элмира Ойқұлова.

Естеріңізге салайық, жантүршігерлік оқиға былтыр сәуір айында болды.

37 жастағы қала тұрғыны таныс келіншекті бірнеше күн бойы ұрып-соғып, қинаған. Үйіне баса-көктеп кіріп, ойына келгенді істеген. Соңында ер адам өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Ең сорақысы бұл оқиғаға келіншектің үш баласы куә болған.

Предыдущая запись
Орал: түрмедегі төбелестен кейін колонияның 12 қызметкері жауапқа тартылды
Следующая запись
Атырау облысы: балық аулауға маусымдық шектеу қойылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню