Атырау облысында 57 білім беру ұйымы басшысының орны бос тұр

Теги: ,
234

Оның ішінде аудандық білім беру бөлімі, балабақша, мектеп пен қосымша білім беру мекемелері бар. Бұл –ең үлкен проблема, — дейді аймақтағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Гүлнәз Сүлейменова.

Өйткені директор міндетін атқарушы 3 ай сайын ауысып отырады. Қазір 2021-2023 жылдарға арналған «Білім сапасын арттыру» жол картасы аясында резерв дайындалуда. Мұғалім, директор орынбасарлары бар 40 маман оқытылып, тәжірибеден өтуде. Бірақ ол да жеткіліксіз көрінеді.Әсіресе, ауылдық жерде мектеп директорын табу қиын. Көпшілігі лауазымды жұмысқа барудан жауапкершілігі үшін қашқақтайды.

«Одан да мұғалімге жағдай жасалып жатыр. Жалақысы өсті. Сондықтан тыныш қана мұғалім болып жүруді жөн көреді. Ал мектеп директоры болу үшін менеджмент бар, толықтай білім сапасына да жауап береді. Материалдық базасы, бухгалтериясы, қаражаты оның бәріне жауапты. Сондықтан олардың барлығына төтеп бере алатындай болу керек, соған қиналып қалады»,- деді Гүлнәз Сүлейменова.

Бұдан бөлек, өңірде маман тапшылығы өткір тұр. Облыста енді пайлалануға берілетін мектептерді есептегенде 700-ге тарта мұғалім тапшы. Соның ішінде, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өте жетіспейді. Орыс тілді мектептер үшін математика, бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ шет тілі, физика, тарих мұғалімдері де керек.

Предыдущая запись
Чем подтираются сотрудники полиции Павлодара
Следующая запись
У двух крупных оптовых реализаторов сахара нашли нарушения антимонопольного законодательства

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню