358
Оның жол апатын жасаған бейнежазбасын куәгерлер әлеуметтік желіге жүктеп жіберіпті. Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған.
«Қызметтік куәлігіңді ашып, көрсет… Мені шешемнен боқтайтындай, сен кімсің»?,- дейді бейнежазбада ер адам.
Видеода полиция қызметкері қызметтік формасымен жүргені анық көрінеді. Ол Жылыой аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспектор екен. Полиция капитанының автокөлік доңғалағы ұшып, жол шетіне тұрып қалған.
«Аталған факті бойынша қызметкер Ішкі істер органдарынан теріс себептермен босатылғанын қаперіңізге береміз»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.