Атырауда 100-ден астам адам иттерді атуға қарсылық білдіріп, митинг өткізді

Теги: ,
288

Олар «итті атуға қарсымыз», «мы за гуманное отношение»,- деп хормен айқай салды. Жиналғандар: «бұралқы ит- мысықтың санын атып азайта алмаймыз. Ату үшін қазынадан жыл сайын миллиондар қарастырылады. Ал бұл мүмкіндік кейбір пысықайлардың табыс көзіне айналған» ,-деп есептейді.

«Ит ату – өте жақсы табыс көзіне айналған. Нақтырақ айтқанда, бұл істен сыбайлас жемқорлықтың иісі шығады. Неге дейсіздер ғой? 30 жылдың ішінде иттерді ату үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаншама миллиондар бөлінді. Жыл сайын артып келеді. Бірақ нәтиеже жоқ. Бөлінген қаражат көбейген сайын иттердің де саны көбейіп жатыр,- дейді ерікті Мамучар ДЖАБАСОВ.


Еріктілер жуырда иттерді аулау үшін жарияланған тендерді ұтып алған компанияға да сенімсіздік танытуда. Тендерге «Доброе сердце» қоғамдық қоры да қатысып, иттерді аулап, стерилизациялау сынды іс-шараларға кететін шығынды есептеп, бір итке 21 мың теңге ұсынған. Бірақ басқа мекеме бұл қызметті әр итке 19 500 теңгеге көрсетуге дайын.


«Біз еріктілер болып бұралқы иттердің санын қысқартатын басқа жолды ұсынып отырмыз. Егер бір ит жылына 24 күшік туса, стерилизация жасағаннан кейін ол көбейе алмайды. Яғни, саны азаяды. Мен иттерді ату керек деп жүрген ата-аналарды түсінемін. Иә, балаларымыздың қауіпсіздігі бірінші орында. Бұл тұста полиция қызметкерлері де іске қосылу керек. Себебі, көшедеге жүрген иттердің 90 пайызын иесі тастап кеткен. Алабай, тазы, хаски сынды иттер уақытымен берілген тамақты ішіп, өзіне тиесілі аумақты күзетіп үйреніп қалған. Сол себепті олар аштықтан балаларға бас салады»,- дейді «Мейірімді жүрек»қорының басшысы Венера Манасова.

Иттерді өлтіруге қарсылық білдірген 100-ден астам адам петицияға қол қойды.

Предыдущая запись
Шымкентте мүгедектігі бар адамдарға арналған пандус ұрланды
Следующая запись
Сенатор требует придать статус педагогов воспитателям детских домов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню