Қазақстанда 2023 жылдан бастап темекі бағасы қымбаттайды

Теги: ,
365

Келер жылдан бастап елімізде темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.

Фильтрі бар сигареттер:

— 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

— 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

— 2025 жылы — 15 900 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

— 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

— 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

— 2025 жылы — 11 130 теңге /1000 дана.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді. Соған байланысты электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты.

— 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;

— 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;

— 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне.

Предыдущая запись
Автобуста 12 жасар оқушының жамбасынан сипаған ер кісі 1 млн теңге төлейтін болды
Следующая запись
Дождь и прохладу обещают казахстанцам в выходные

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню