Батыс Қазақстан облысы: электр желісі үзіліп, ірі қара токқа түсіп өлді

Теги: ,
209

Оқыс оқиға Жаңақала ауданында болған. Өрістен қайтқан мал үйдің қасындағы үзілген электр сымды басып кетіпті. Осылайша ток соғып, бес сиыр өлген. Мал иесі электр бағанасы құлағанын мамандарға бұған дейін ескертіп айтқан екен. Бірақ аудандық электр торабының басшылығы қамсыз жүрді, — дейді күйінген тұрғын. Жауапты мекемеден күдер үзген тұрғын құлаған бағананың орнына орнатылар материалды да дайындап қойған екен. Енді өлген малға өтемақының төленер-төленбесі белгісіз. Ауыл белсендісі Айболат Бөкеновтың айтуынша, аудандағы электр желісінің тозығы жеткен. Сондықтан желіні түгел ауыстыру керек:

— Бұл мәселе бізде баяғыдан бар. Бірақ ешкім асығар емес. Қазір мал өліп жатыр. Ертең қараусыз қалса, баланың токқа түсіп өлуі мүмкін. Ал біздікілер адам өлмей қозғалмайды. Құдай бетін әрі қылсын! Бірақ қарапайым отбасыға осындай зиян келтірген аудандық электр торабы жауап беріп, шығынды өтеуі тиіс, — дейді Жаңақала ауданының тұрғыны Айболат Бөкенов. Ал Жаңақала аудандық электр торабының басшысы Бауыржан Биғалиев сөзін қысқа қайырды. Оның айтуынша, тұрғындар малын қараусыз қалдырады екен:

— Сол күндері қатты жел болды. Оны мойындаймыз. 5 бас ірі қара өлді. Бірақ адамдар малын бағуы керек. Малын бақса, ештеме де болмайды. Мал суға батып арам қатпайды, токқа да өлмейді. Мал ұстадың ба, бағуың керек, — дейді Жаңақала аудандық электр торабының басшысы Бауыржан Биғалиев

Предыдущая запись
Назван средний размер пенсионных выплат в РК
Следующая запись
Шымкент: қайтарымсыз несие шығарып беремін деп тұрғындарды сан соқтырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню