Батыс Қазақстан облысы: салынып бітпеген түрме жастар кешеніне айналуы мүмкін

Теги:
341

Құрылысы он жылға созылған ғимараттан құтылуға асыққан облыс әкімі Ғали Есқалиев Фейсбуктегі парақшасында өзінің жеке уатсапп нөмірін жазыпты. Яғни, тергеу изоляторын сатып алғысы келген инвесторлар өзіне тікелей хабарласа алады. Бұл үшін әкімнің жеке WhatsApp нөміріне +77017776037, «Инвестор» деген белгімен өз ұсынысын жазса жеткілікті. Егер инвестордың жобасы ұнаса, жергілікті билік барынша қолдау көрсетуге әзір.

— Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес және Қазақстанның екі облысымен шектеседі. Орал қаласынан 700 шақырым радиуста 20 миллионға жуық адам тұрады. Біз аталған нысанды кез келген бағыттағы бизнеске беруге дайынбыз. Әсіресе жастар кешені, медициналық орталық, шағын бизнес инкубаторы секілді әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдаймыз. Нысан инвесторға жеңілдікпен беріледі. Төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылады. Бірақ сауда ұлттық валютамен жүргізіледі. Сондай-ақ біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы ұсыныстарды да қарастыруға әзірміз, — деп жазды Ғали Есқалиев.

11,8 гектар жерді алып жатқан тергеу изоляторы ғимаратының ауданы – 35 мың шаршы метр. Құрылысы 2013 жылы басталған 1500 орындық нысан 90 пайызға дайын тұр. Шамамен 5,2 млрд теңгеге бағаланған тергеу изоляторының аумағында әкімшілік ғимарат, жатақханалар, спорт залы, гараж бен күзет бөлмелері, шеберханалар, асхана, қазандық және тіпті көкөніс қоймасы салынған. Айта кетелік, тергеу изоляторын салып жатқан мердігер мен тапсырыс беруші БҚО ҚАЖД бастығы құрылысқа бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен сотталып кеткен еді. Сол кезден бері құрылыс тоқтап тұр.

Предыдущая запись
Жаңа аялдама кешендері, 4G технологиясы бар станция – үшінші мегаполисте қандай жаңалық бар
Следующая запись
На Шестом Каспийском саммите Токаев поднял вопрос бедственного положения тюленей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню