Билет алуға ақшасы болмаған ер адам пойыздың төбесіне отырып үйіне жетпек болды

Теги: ,
219

Алматыда пойыздың төбесіне шығып алған ер кісі көпті дүрлікті. Соның салдарынан пойыз тоқтатылған.

Пойыздың төбесіне шығып алған оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда жүріп бара жатқан пойыз үстінде ер кісі алаңсыз жатады.

ІІМ Көліктегі полиция департаментіндегілер аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, 47 жастағы азаматтың билет алуға ақшасы болмаған. Үйіне қалай да жету керек болған ол амалсыздан осындай қадамға барған екен. Ер кісі Маңғыстау облысының тұрғыны. Оқиға 24 шілде күні орын алған.

«Алматы-1» станциясындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» пойызының машинисінен вагонның төбесіне шығып, жатып алған ер адамның кесірінен пойыз шұғыл тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті. Пойыз тоқтағаннан кейін көлік полицейлері құқықбұзушыны акт бойынша вагонның төбесінен түсірді. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды» делінген ведомства мәліметінде.

Предыдущая запись
Шымкентте бұрын сотты болған ер кісіден 47,5 келі есірткі табылды
Следующая запись
Елімізде некені тіркеу мерзімі екі есе қысқаратын болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню