Елімізде зейнетақының орташа көлемі — 109 мың теңге

Теги: ,
221

Қазақстанда биылғы жылдың 9 айында 2,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,3 млрд теңге бөлінді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261 мың адам.

Бүгінде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.

«2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады» делінген ведомство мәліметінде.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, ал 30 жыл болса, онда 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Предыдущая запись
Қазақстанға жылы, бірақ жаңбырлы ауа райы қайта оралады
Следующая запись
Шымкентте жас жігіт құрылыс алаңында мерт болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню