Ішіп алған жүргізуші 81 жастағы зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Теги: ,
287

Алматы облысында ЗАЗ Chance көлігін тізгіндеген жүргізуші жол шетінде велосипедпен келе жатқан зейнеткерді қағып кетті. 61 жастағы жүргізуші рөлге ішіп алып отырған. Оқиға Жамбыл ауданындағы Таран ауылына кіре-берісте орын алған. Жол апатына куәгер болған әйел азаматы оны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда ер кісінің тілі күрмеліп, қисалаңдап тұрғанын байқауға болады. Ол өзін видеоға түсіріп тұрған әйелге дөрекі сөйлеп, көлігіне отырып, кетіп қалады.

Көп ұзамай полицейлер 81 жастағы зейнеткерді қаққан жүргізушіні ұстады.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611-бабының 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушінің мас болу дәрежесін анықтау үшін химика-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тағайындалған сараптамалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ЖКО материалдары негізінде түпкілікті шешім қабылданатын болады»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Алматинец сорвал джекпот в лотерею — более 21 млн тенге
Следующая запись
«Живой товар»: в Алматы женщина пыталась продать свою новорожденную дочь

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню