Мектеп асханаларындағы өнімдер бағасы бақыланады

Теги: ,
425

Елімізде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Бұған дейін мектеп асханаларындағы өнімдердің қымбаттығына байланысты проблемалар туралы жазған болатынмын. Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі. Біз мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құрып, қажетті түзетулерді әзірледік. Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және т.б. қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады» делінген жазбада.

Министрдің мәліметінше, мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермейді.

Сонымен қатар енді жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көрсеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейді. Бұл тыйым салынған өнімдерді өндіру және өткізу тәуекелдерін жою, сонымен бірге буфет өнімдерінің бағасын белгілеу үшін қажет.

Бұдан өзге ата-аналарды тамақтану туралы хабардар ету немесе оның сапасын бағалай алуы үшін білім ресурсына кезең-кезеңімен норма енгізіледі. Ол — пайдаланушыларға қызмет көрсету және қолма-қол ақшасыз төлемдер сапасын бағалауға мүмкіндік беретін тағамдардың, ас мәзірінің, бағалардың фотосуреттерін жариялау нормасы.

Ал балабақшаларда, балалар үйлерінде балаларды үздіксіз тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың инфляция деңгейін ескере отырып, азық-түлік бағасының өзгеруі бөлігінде сатып алу туралы шарттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігі көзделген.

Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қаңтар айында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, мысалы, картоп 100 теңге тұратын келісімшарт жасалған жағдайлар жиі кездеседі. Кейін бірнеше ай өткен соң жеткізуші тауарды жеткізуден бас тартып, нәтижесінде ұйым азық-түліксіз қалады. Сот процедурасына енгізілген жосықсыз жеткізушілердің тізімі бар екені түсінікті, бірақ көптеген жеткізуші мұны елемейді. Сөйтіп жаңа ұйым ашылып, жұмысын жалғастыра береді. Бірақ бұл уақытта балабақша бүлдіршіндерді тамақпен қамтамасыз ете алмай отырады. Енді жаңа норма бойынша әкімдіктер мұндай жағдайларда осы өнімдердің орташа бағасына сәйкес ұйымдарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін қосымша келісім жасайды.

«Бұл ережелер келесі жылдан бастап қызмет көрсетушілермен жаңа келісімшарттар жасалғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. Алматыда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталғанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда тамақтануды ұйымдастыру процесін оңтайландыруға және жеделдетуге бағытталған пилоттық жоба қаланың үш мектебінде іске қосылды. Сондай-ақ мектеп ас мәзірін қалыптастыру тәсілдерін жаңарту жұмыстарын да бастап кеттік» деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Предыдущая запись
​В профессию – со школьной скамьи: автодорожники реализуют в Казахстане профориентационный проект
Следующая запись
Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню