ОРАЛ: Миграциялық полиция бөлімінің бастығы пара алғаны үшін ұсталды

Теги: ,
223

Подполковник шеніндегі Қанат Мұқанов 50 мың теңге пара алған жерінде қолға түскен. Мұны облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады. Олардың дерегінше, Қанат Мұқанов анықтаманы уақытынан бұрын жеделдетіп жасап бермек болған. Қазір ол Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция департаменті әріптесінің ұсталғаны туралы ақпарат бере алмайтынын хабарлады. БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс сотқа әлі түспеген. Егер полицейдің кінәсі заң бойынша дәлелденсе, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айрылады. Бұған қоса ол параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл төлейді әлде алты жылға сотталуы мүмкін.

Предыдущая запись
Жителям Алматинской области вернули… кладбище
Следующая запись
Казахстанских фермеров лишили льгот по НДС — к чему это может привести

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню